URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының маманымен кездесу ұйымдастырылды

2026 жылдың 5 маусым күні колледж студенттерімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының маманы Аянат Жасқайратқызы Нагибовамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Саналы ұрпақ» клубының қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында мазмұнды баяндама оқылды. Аянат Жасқайратқызы студенттерге адам болмысының маңызды өлшемдері саналатын моральдық-этикалық қағидалар, адалдық пен рухани тәрбие, академиялық адалдық ұғымдары туралы кеңінен түсіндіріп, адалдық қағидаттарын бұзуға қатысты жауапкершілік мәселелеріне тоқталды. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны туралы бейнематериал көрсетіліп, студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Осындай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!
Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.