Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына арналған әскери-патриоттық форумы өтті
Колледж студенттері «Жайық Арена» спорт кешенінде Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына арналған әскери-патриоттық форумға қатысып, патриоттық рухты нығайтуға бағытталған мазмұнды іс-шаралардың куәсі болды. Форум барысында батырдың өмір жолы мен ерлік өнегесі насихатталып, әскери-патриоттық бағыттағы көрмелер, көрсетілімдер және танымдық кездесулер ұйымдастырылды. Форум жас ұрпақты елін, жерін сүюге тәрбиелеуге зор үлес қосты.





































