URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

"Халық қаһарманы" атты ғылыми конференция өтті

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде БҚО Облыстық әдістемелік орталығының ТжКБ әдістемелік бөлімі жоспарына сәйкес қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы болған, Кеңес Одағының батыры, Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы, біртуар батыр ұлы Бауыржан Момышұлының өмір жолдары, ерлік күресі, халқына сіңірген еңбегі жайлы таныстыра отырып, келешек ұрпақты өз Отанын сүюге, оның намысы мен абыройын қорғауға даяр болуға, елінің болашағы үшін тер төккен тұлғаларды ұмытпауға, жас ұрпақтың санасына ұлттық рухты дарыту олардың елін, жерін сүйетін патриоттық сезімін ояту, бабалар ерлігін заманауи педагогикалық технологияларды қолдану арқылы насихаттау мақсатында «Дана да дара тұлға» тақырыбында колледж студенттері арасында облыстық ғылыми- практикалық конференциясы өтті. Конференцияға облыстық колледждердің І-ІҮ курс студенттері қатысты. Конференцияның негізгі бағыттары: • Бауыржан Момышұлы - әлем халқының ортақ перзенті • Бауыржан Момышұлының шығармаларын менгертуде ақпараттық технологиялары мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану жолдары • Бауыржан Момышұлы өмірі мен шығармашылығы арқылы тұлғаны тәрбиелеуде, дамытуда және қалыптастыруда рухани-адамгершілік құңдылықтардың рөлі. Қатысушылар Бауыржан Момышұлының өмір жолдары, ерлік күресі, халқына сіңірген еңбегі жайлы, шығармалары, нақыл сөздері, қалдырған мұрасы туралы зерттеген жұмыстарымен таныстырды. Қорытындысында, І орын- Дүйсенгалиев Ә. (БҚЖМК), ІІ орын – Асхапов С (ЖИТК), Сагинова Ә (СжЖТК) ІІІ орын –- Утеген Ж(АТиСО академиялық колледж), Ибатова А. (Теректі колледжі) студенттері жеңіп алды. Барша қатысушылар «Шығармашыл» номинациясымен марапатталды.

stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!
Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.