URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

«Дене тәрбиесі мұғалімі» құзіреттілігі бойынша «WORDSKILLS KAZAKHSTAN -25» чемпионаты өтті.

 

Орал гуманитарлық- техникалық колледжінде жұмысшы мамандықтар жылына орай «Дене тәрбиесі мұғалімі» құзіреттілігі бойынша «WORDSKILLS KAZAKHSTAN -25» колледжішілік чемпионаты өтті. Мақсаты жастар арасында мамандықтарды насихаттау, кәсібі мен шеберлік дағдысының беделін арттыру. Чемпионатқа 3-4 курс студенттерінен 6 студент қатысты. Байқау 2 модульден тұрды. Модуль А – сабақ жоспарын жасақтау және 15 минутта орындау, Модуль В –қатысушылармен дене шыңықтыру және спорт қызметін 7 минут аралығында ұйымдастыру. Қатысушылар аталған модульдер бойынша тапсырмалар орындады. Байқауды №10 А.Байтұрсынов атындағы ЖББОМ дене тәрбиесі оқытушысы Р.Т.Акмалиев, эксперт-оқытушылар бағалады. Байқау қорытындысы бойынша І орын- Досқазы А, ІІ орын- Кирюшчев Н, ІІІ орын- Бирюков К, қалған қатысушылар «Шеберлігі үшін» медальонмен марапатталды.

stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!
Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.