Біздің колледждің оқытушылары «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша білім алушыларға арналған жаңа оқу құралын жарыққа шығарды.
«Мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыту» атты оқу құралының авторлары — Т.У.Маденова мен А.Б.Сарсенғалиева.
Бұл оқу құралы мектепке дейінгі білім беру саласындағы болашақ мамандардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған және заманауи білім беру талаптарына сай құрастырылған. Ол студенттерге ғана емес, сондай-ақ оқытушылар мен тәжірибелі педагогтерге де пайдалы әдістемелік құрал бола алады.
Авторларды жаңа оқу құралының жарық көруімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!







































