25 - қазан Республика күні қарсаңында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы жоспарын орындау мақсатында, 22-ші қазан күні колледж студенттері Аманат партиясы, Жастар рухы, жастар қанаты бөлімшесімен бірлесіп қаламыздағы тарихи өлкетану музейіне саяхат жасады.
Тарихи өлкетану музейіне саяхаттың мақсаты — студенттердің өз өлкесінің тарихымен, мәдениетімен, табиғатымен және ұлттық құндылықтарымен тереңірек танысуына мүмкіндік берді. Музейдегі экскурсоводтың әңгімесі арқылы өз жеріміздің тарихына деген қызығушылығы күшейіп, еліміздің өткені мен бүгініне мақтаныш сезімін оятты. Бұл саяхат студенттерді тарихи мұраларды қадірлеуге, халқымыздың өткен күнін ұмытпай, келешекке жеткізуге үндеді.









































