9 – шы қыркүйек күні бірінші курс студенттерімен Орал қаласы ПБ Абай ПБ жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі колледж инспекторы полиция лейтенанты Елемесов Ершат Ерланович кездесіп танысу жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында Ершат Ерланович студенттерге колледждің ішкі тәртібін сақтау, өздерінің құқығын білу және қорғау, құқықты сауатты болу, мәдениетті болу туралы айтты. Интернет алаяқтардан сақ болып, әлеуметтік желідегі оңай ақша табу жұмыстарынанан да өздерін аулақ ұстау керектігі айтылды. Нашақорлық, лудоман,буллинг, зорлық-зомбылы, вандализм, вейп қоғамдық кеселдің зияны туралы мысалдар келтіріп түсіндірді. Колледж психологы Галинур Орынгалиевна. Мусеева «Komek Stop Bullying» кюар коды туралы ақпарат берді.