12 маусым күні Орал гуманитарлық-техникалық колледж студенттері мен оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Кужахметова А.Б. "Атамекен" балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы" жазғы лагерінде "Менің болашақ мамандығым" тақырыбында кездесу ұйымдастырды.
Колледж студенттері демалушыларға өздерінің мамандықтары туралы ақпарат берді, өздерінің жетістіктерін, колледжге қалай оқуға түскендері туралы таныстырды, балалар қай мамандыққа қызығушылық танытқанын ашып айтып, әрдайым сұранысқа ие болатын педагогикалық мамандықтар туралы білді. Олар «Мамандықтар» тақырыбына жұмбақтар шешіп, күліп, өз ойларын белсенді түрде талқылады, сұрақтар қойып нақты жауап алды. Әрқайсысы болашақ туралы өз ойлары мен армандарымен бөлісті. Әркім өз мамандығын тауып, өз армандарын жүзеге асыра алады деп үміттенеміз.