Бүгін колледж студенттерімен әсерлі, танымдық кездесу өтті. Кездесуіміздің қонағы колледжіміздің түлегі, өзі оқыған кездегі колледждің жарық жұлдызы болған бүгінде Парастат қоғамдық бірлестігінің теолог маманы Набиғали Мұратхан Мұхит болды.
Мұратхан Мұхит жастарға өмірді бағалау, өмір адамға берілген сый, өмір –ол құндылық деп түсіндірді. Әр қоғамның өзінің бір ағымы, мәселесі болады, ол уақытша екенін айтты.
Дін ұстанбаған қоғам болмаған, бірақ соның ішінде түрлі жат ағымдар бар. Сол жат ағымдарды айыру үшін білім керек екендігін, білімді болу үшін оқу керек. Жастарға Абайды, Шәкәрәмді, Ыбырайды, жырауларды оқып ілім ал деді Мұратхан маман. Соңғы уақыттары дін ұстануға бет бұрғандардың тоқсан пайызы жастар екен. Жастар білім алып, өмірді жасап, жаңалықпен жасампаздыққа әуес болудың орнына дінге бет бұрып жүр. Жастарда тәжірибе жоқ, өмірлік ілім жоқ сондықтан шатасуы мүмкін деді. Абайдың өлеңдерін, Шәкірімнің өсиеттерін, Ыбырайдың өлеңдерін айтып мысал келтірді. Студенттер ұйып тыңдады.
М.Жұмабаевтың
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн! Өлең жолдарын ұрандатып жастарды кеуделерін біліммен, пайдалы іспен толтырып шарықтап, жасап, зиянды әдеттерден аулақ болып, өмірге деген құштарлықтарын арттырып жалындап жануға шақырды. Кездесу өте әсерлі өтті. Мұхит Мұратханға алғыс білдіреміз.