12 желтоқсан күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде Облыста жоспарланған ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ Жастардың дамуына жаңа қадам Облыстық жастар форумының секциялық отырысы оздырылды. Секциялық отырысқа колледждің белсенді студенттері қатысты.
Секциялық отырыс спикерлері Архат Исламғали, “Amanat” партиясы жанындағы “Жастар Рухы” ЖҚ БҚОФ төрағасы және Әдемі Жарасова, Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының баспасөз хатшысы, PR-маманы, медиатренер, кәсіпкер. Отырысты колледждің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Ж Отарбай қонақтарды таныстырып ашып берді. Архат Жұбайұлы өзін таныстырып жастарды жан-жақты дауға бүгінгі күні мүмкіндіктердік мол екендігін айтты. Көшбасшы болу үшін әр көшбасшы өзінің ісімен дәлелдеу керектігін жеткізді. Әдемі Дарханқызы студент күнінен барлық қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып қарым-қатынас дағдысын қалыптастырып бүгінгі күні өзінің атын жасағаны туралы әңгімеледі. Студенттер белсенді болды, қызықтыратын сауалдарын қойып дұрыс кеңестер алды.