Орал гуманитарлық- техникалық колледжінде 2024 жылдың 3-ші желтоқсан күні “Ақ отау" отбасы орталығы” ҚБ өкілі, БҚО қоғамдық даму басқармасының "қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу" жобасының үйлестірушісі Г. Хаирова Гульмира Амангельдиевна “Зорлық зомбылықсыз 16 күн” акциясы аясында студенттермен кездесу өтті.
Кездесуге колледждің 50 студент қатысты. Г. Хаирова алдымен осы зорлық- зомбылық 25 - ші қарашамен 10 желтоқсан аралық 16 күннің жоспарлы өтуін, тарихын айтып берді. Сонымен қатар зорлық- зомбылыққа төзбеу, дер кезінде хабар беріп көмек алу керектігі айтылды.
БҚИТУ-ның Тарихи және құқықтық кафедрасының аға оқытушысы отбасы орталығының психологы Ә.А. Кубашев және осы орталық психологы М.Ж. Шукербаева 16 күндік әйелдермен қыздарға қатысты зорлық- зомбылыққа қарсы жаһандық науқан екендігін презентация арқылы түсіндірді.
Бұл халықаралық науқан жыл сайын жоспарлы ұйымдастырылатын ескертті. Түрлі мысалдар келтірді, жаднамалар үлестірді, студенттердің сұрақтарына жауап беріп отбасы орталығына хабарласып кеңес ала алатындарында айтып, толық ақпарат берді.