Қыркүйек айының 17-сі күні 2бКШФ тобында «Терроризм мен экстермизм-адамға зұлымдық» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты Экстремизм, терроризм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.
Діни наным - сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру. әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту.
Елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылыққа тәрбиелеуболды. Топ жетекші тәрбие сағатын видеоролик көрсетіп талдау мен бастады. Студенттерге жағдаяттар беріліп шешуін талқылады. Есіңде болсын! Есте сақта! айдарында қауіпсіздік шараларын көрсетіп жаднамалар таратылды.