URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

Дені сау қоғам – тұтас адамзатқа қажет құндылық» тақырыбында мамандармен кездесу өтті

26 маусым – есірткіге қарсы күрес күні аясында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Дені сау қоғам – тұтас адамзатқа қажет құндылық» тақырыбында мамандармен кездесу өтті.

Директордың тәрбие –ісі жөніндегі орынбасары, БҚО ҚХА аналар кеңесінің мүшесі А.Ж.Отарбай алдымен студенттерге Адамзат әлеміне алапат апат әкелетін зиянды заттардың бірі – есірткінің зияны туралы түсіндіріп видео ролик көрсетіп бастады. Студенттермен кездесуге шақыртылған Облыстық психо-наркологиялық орталық дәрігері Сатанов Нұрлан есірткінің салдарын, жұқпалы аурулардың түрін, жасөспірімге келтіретін зияны туралы толық ақпарат берді. 1987 жылы Біріккен ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен 26 маусым – «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» деп белгіленгенін айтып онымен күресіп жою үшін әрбір адам өз денсаулығын сақтап, спортпен шұғылданып, біліммен-ғылыммен айналысып өзімізді тәрбиелеуіміз керек деді. Студенттер өздерінің осы тақырыпта білетіндерін ортаға салып ой бөлісті.

Сондықтан, әрбір адам бұл бәлекеттен алдымен өзін алыс ұстап, сосын жанына жақын азаматтардың да жақындамауын қадағалауы қажет. Өйткені, дені сау қоғам билікке ғана емес, тұтас адамзатқа қажет құндылық деген президент Қ.К.Тоқаевтың сөзімен кездесу қорытындыланды.

[photo_gallery style="2" source="directory: images/2024/16" limit="100" small="3"]

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.