10 мамыр күні БҚО ҚХА Достық үйінде Аналар кеңесі төрайымы Ш.Х. Құрманалинаның ұйымдастыруымен “Ана отбасының - жүрегі” тақырыбында Қазақстанда алға рет аталып өтіп отырған 12- Мамыр Аналар күні мерекеесіне орай дөңгелек үстел өтті.
Шараға колледж оқытушылары, аналар кеңесінің мүшелері Р. Ж. Қуанышалиева, А.Ж.Отарбай белсенді қатысты. Шалқыма Хайроллақызы отырысты мерекемен құттықтап “Ананың сүті” аңыз әңгімесімен бастап, аңыздағы Қарашаш ханымның ақылын жастарға үлгі етті. Отырысқа келген аналар кеңесінің мүшелері сөз алып қоғамдағы ананың, сұлу әйелдің, қылықты қыздың ролі туралы ойларын білдіріп, мерекемен құттықтады. Студенттер ана туралы өлең шумақтарын оқыды.
[photo_gallery style="2" source="directory: images/2024/11" limit="100" small="3"]