30 қараша күні «Тұңғыш президент күніне» орай №46 аудиторияда бітіруші топтар арасында «Елбасы – ел мәртебесі» атты интелектуалдық ойыны өтті. Шараны дайындап, өткізген «педагогика, психология» кафедрасының оқытушылары А.Б.Сарсенгалиева, Ж.С.Бексариева. Шараға 3а КДО, 3а РДО, 3в КДО, 3г КДО, 4б, кб КДО топтары белсене қатысты.
Шарада 1 – кезең - « Бәйге»-ауызша сұрақтарға жауап беру; 2 - кезең - «Өнерпаз болсаң»-патриоттық әндер минусовкасы беріледі, қандай ән екенін табу және қосылып айту; 3 – кезең - «Қызықты жетілік» - 9 ұяшықтан таңдап алынған сұрақтарға жауап беру; 4 – кезең - «Сен білесің бе?» - экраннан Қазақстанның көрікті жерлері көрсетіледі атын және қай қалада орналасқанын тауып айту керек; 5 – кезең - «Патриотты ұрпақ - тәуелсіз ел тірегі» - патриоттық тақырыптағы жарнама жасау қажет болды. Сондай-ақ бұл шараны бағалап отырғаны қазылар алқасы, құрамында директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Нурмукашева М.С., «педагогика, психология» кафедрасының оқытушылары Шотова Г.С., Рахметова М.В., 2б КШМ тобының студенті Мерекеева И. Сондай-ақ шараға колледж психологы Бекетаева С.Қ., 3в,г топ студенттері қатысты.
Барлық кезеңдер барысында студенттер танымдық қабілеттерін, тұңғыш президенттің өмір баянынан, өз елінің тарихынан білімдерін көрсете білді. Шарадағы көрермендер мен қатысушылардың көңіл күйлерін көтеру мақсатында өз өнерін 2б КШМ тобының студентері Мерекеева И. және Муратбеков С. өлең айтып көрсетті. Әрбір топ белгілі бір номинацияға ие болды. Номинациялар ішінде: «Ел тарихын насихаттаушы», «Ұлттық намысын қорғаушысы», «Өз елінің жаңашыры».