URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

Половинкина Алина 5 В сыныбында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбында тәрбие сағаты

«Сыныптан тыс жұмыс технологиясы» практикасынан өту кезінде 3аКШР тобының студенттері оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыруға белсенді қатысады. Әдіскер Отарбай Айнұр Жетіқызы. 15.12.22 ж. «А. С. Макаренко атындағы № 6 ЖББМ» КММ-де топ студенті Половинкина Алина 5 В сыныбында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты басталар алдында танысу тренингі өткізілді. Оқушылар өз есімін айтып және оны сипаттайтын сын есімді атады.

Тәрбие сағатында оқушылар патриот болу деген нені білдіретінін, «Жас Ұлан» ұйымы мүшелерінің міндеттерін түсіндірді. Оқушылар «Біздің Қазақстан» викторинасына белсенді қатысты, Отан туралы мақал-мәтелдердерді жинақтады, «Қазақстанның атақты тұлғасын тап» ойынына қатысты, «Жас Ұлан» ұйымының мазмұны бойынша кластер жасады. Тәрбие сағатына сынып кураторы Кузбакова Анжелика Эрмековна қатысты. Студенттер Мұханбетова Ақнұр мен Амангелді Дильназ 5 Г сыныбында «Мен-Қазақстан азаматымын» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатына куратор Екатерина Андреевна қатысты. Мерекенің пайда болу тарихы, Қазақстанның тәуелсіздік алуы бойынша топтық жұмыс ұйымдастырылды. Отан туралы өлеңдер айтылды. Студенттер тәуелсіздіктің мәнін, мерекенің Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшін маңыздылығын оқушыларға жеткізе алды.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.