URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

Ардагерлер компьютерді меңгеруде

Орал гуманитарлық -техникалық колледжі студенттері ардагерлерге жаңа технологияны меңгертудің алғашқы сабақтары  басталды. Аға буын өкілдерінің ғаламтор желісіне кіріп өздері ақпарат алу, компьютер үйрену туралы ойларын колледж әкімшілігі бірден құптаған.  
Қазіргі таңда компьютер үйрену курсына 18 ардагер жазылды. Оқу бағдарламасы 12 сағатты қамтиды. Бұл күні колледждің «Есептеуіш машина мамандығының ІҮ курс студенттері әр ардагермен жеке-жеке жұмыстанып отыр.  Ғаламторды еркін меңгеріп, ет жақындарымен, достарымен байланысқысы келетін 75 жасар Валентина Павленко компьютерді меңгеруге аса ден қойған. Қария қойын дәптеріне пернетақтаның әр тетігін мұқият жазып алып отыр. 
«42 жыл мектепте мұғалім болдым. Біздің заманымызда компьютер деген болмады. Қазір зейнет жасындамын. Әйтсе де, жаңа технологияның қыр-сырын тез арада меңгеріп достарыммен, оқушыларыммен хабар алыссам деймін. Оқытушым да керемет қыз,» – дейді қария.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.