«AUYLJASQUIZ» интеллектуалдық ойынында колледжіміздің намысын қорғаған бес студенттен құралған команда жүлделі І орынды иеленді
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
15 мамыр күні өткен «AUYLJASQUIZ» интеллектуалдық ойынында колледжіміздің намысын қорғаған бес студенттен құралған команда жүлделі І орынды иеленді
Ойынға Орал қаласының жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысып, өзара білім мен тапқырлықтарын сынады. «AUYLJASQUIZ» — жастар арасында кең танылып келе жатқан, ерекше battlt форматындағы қызықты әрі тартысты интеллектуалды алаң
Ойын 6 кезеңнен тұрды:
🔹 «Жауап бер»
🔹 «Үш сурет – бір сөз»
🔹 «Тұлғаны таны»
🔹 «Кино көремін»
🔹 «Әріп mix»
🔹 «Бәс»
Әсіресе, «Бәс» кезеңі ойынның ең әсерлі сәтіне айналды. Қатысушылар жинаған ұпайларын бәске тігіп, тартысты одан әрі күшейтті
Осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара үшін «Ауыл» партиясының жастарына алғысымызды білдіреміз
Шығармашылық табыс, жаңа идеялар мен үлкен жетістіктер тілейміз!









































