URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!
URALSK HUMANITARIAN-TECHNICAL COLLEGE
We teach how to learn, teach and create!

Сүйікті кәсіпке жол

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің Музыка кафедрасының меңгерушісі, жоғары санатты оқытушы: Идрисова А.Р

Орал гуманитарлық-техникалық колледжі жан-жақты, білімді,көп салалы болашақ ұстаздар даярлайтын ұя. 15-жылдан астам тарихында бұл колледж қабырғасынан көптеген маман иелері білім алып,өмірде өз орындарын тапты.

 

Облысымыздың және еліміздің түпкір-түпкірлерінде мектепке дейінгі мекемелерде және мектептерді білім беріп , еліміздің болашақ  азаматтарын тәрбиелеуде өз үлестерін қосуда.Осы шаңырақта музыкалық білім беру саласында да дамып келеді. «Музыкалық білім беру»  бөлімінде 9-сынып және 11-сынып бітірген оқушылар білім алады.Бұл салада олар домбыра,баян,фортепиано аспаптарында ойнап үйреніп, дауыс қою, дирижирлеу пәндерінен дәріс алады

Музыка  кафедрасының жұмыстану тақырыбы:  Сапалы білім беруде музыка  сабақтарында инновациялық технологияларды қолдануды жетілдіру.

Колледжде  2008 жылдан 0108000 «Саздық білім беру» мамандығы, квалификация  0108013 «Мектепке дейінгі мекемедегі музыка жетекшісі» және «Негізгі мектептің музыка мұғалімі» бойынша мамандар дайындайды.

Облысымыздың барлық мектепке дейінгі мекемелерінде біздің түлектер музыка жетекшісі болып жұмыс жасап жатыр.

Сонымен қатар кафедра жанында музыкалық-эстетикалық «Лира» клубы жұмыс жасайды.«Лира» клубы студенттердің  эстетикалық сезімдерін, шығармашылық қабілеттерін дамытып,өнерге,мамандығына қызуғышылығын арттыру мақсатында бірнеше үйірмелерді қамтиды. 

* Қазақ ұлт аспаптар оркестрі- жетекшісі Ж.К.Утеуов 

* «До-Ми-Соль » балалар музыкалық театры –жетекшісі А.Р.Идрисова;

* «Мұрагер» лекторлық тобының отырысы -жетекшілері: Р.Ә.Сүлейменова,С.А.Утешқалиев

* «Ақ желкен» вокалдық-эстрадалық үйірме –жетекшісі Б.Н.Бакимов

  

* «Сырнай сазы» сырнайшылар ансамблі»- жетекшісі С.Ұ.Шналиев  

* «Жайық толқыны» -домбырашылар ансамблі-жетекшісі А.Тұралиев, Ж.К.Утеуов

 

Бұл үйірмелер колледж және қалалык мерекелік шараларға белсене қатысады.Түрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындар алды.

«Жас толқын» облыстық  бірінші курстар арасында өткен өнер байқауына 1б КШМ тобы студенті  Мерекеева Индира  колледж командасымен қатынасып,  І-орынды дипломмен марапатталды, колледж командасы «Алғыс хатпен» марапатталды.

Жетекші А.Р.Идрисова және облыстық білім басқармасының әдіскері Жанар Сабитовнамен бірге облыстық «Арайлы Ақжайық» бағдарламасында сұбхат берді.

• 2015 жылдың 25-27 қараша күндері Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық музыкасы факультетінің 70 жылдығына орай орта оқу орындары оқушылары арасында өткен «Дәстүр және даму» атты жас орындаушылардың республикалық фестиваль-конкурсында колледж тарихында тұңғыш рет 3 курс студенті Тұрсынғали Айхан қатысып, 3 орын иемденіп, лауреат атанды. Конкурс бағдарламасы бойынша – Халық күйі «Ақсақ құлан», Құрманғазы «Ақбай», Тәттімбет «Бес төре» күйлерін орындады.

Жетекшісі Е.Ш.Нұрымбетов. Бұл сайысқа респуликамыздың  түпкір-түпкірінен музыкалық колледждерден 60 студенттер қатысты. Солардың ішінен біздің Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің музыка кафедрасының студенті жүлделі орынға ие болуы –кафедра ұстаздарының жоғары нәтижесін көрсетеді.

 

3в КШМ тобының студенті Меңдіғали Асылбек «Ән – жырымның арқауы  Тәуелсіздік» атты облыстық студент жастар араснда патриоттық әндер сайысының жүлделі орынына ие болды. Жетекшісі Н.М.Нурушева

Колледж оқытушыларының балаларына арналған Жаңа Жылдық ертеңгілік мерекесінде «До-ми-солька» балаларға арналған музыкалық театр (Жетекшісі:А.Р.Идрисова)  «Ақшақар және 7 гном» ертегісін қойып, жиналғандарға жаңажылдық қуанышты көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар  облыстық көпсалалы балалар ауруханасында  Жаңа жылдық  мерекелік қойылым көрсетілді.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.