УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

«Ж.Аймауытовтың педагогикалық-психологиялық мұрасы» атты колледжішілік ғылыми - тәжірибелік конференциясы

Колледждің 25 жылдығына орай 1-4 курс студенттері арасында Ж.Аймауытовтың 135 жылдығына арналған «Ж.Аймауытовтың педагогикалық-психологиялық мұрасы» атты колледжішілік ғылыми - тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты: Ж.Аймауытовтың педагогикалық-психологиялық мұраларының қазіргі кезеңдегі маңызын айқындап, жантану ғылымына қосқан үлесін ашып көрсету, еңбектеріндегі ұлттық психология, педагогикалық психологияның негіздерін мамандық таңдаудағы бағыттарын, мұраларындағы қазақ жұртына, жастарға айтылған ақыл-кеңестерді зерттеп біле отырып, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру. Конференцияға барысында 11 баяндама қаралды. Қатысушылар Ж.Аймауытов - жазушылығымен қоса, қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психология, көркемөнер ғылымдарының саласында қалам тартып, құнды ғылыми зерттеу еңбектерін жазумен, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы болуымен дараланған тұлға ретінде аша отырып, дайындаған баяндамаларында  тәлім – тәрбиелік ой-пікірлері ғылыми тұрғыда терең  жеткізе алды. Қатысушыларды толық тындап, әділ бағалаған төрешілер Шотова Г.С.- арнайы пәндер ПӘБ жетекшісі, Маликова Д.М.- музыка пәні оқытушысы, Давлетова В.А.- Ж.Досмухамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің педагогика, психология кафедрасының оқытушысы конференцияны қорытындылап, әділ бағаларын берді. Барлық қатысушылар дипломдар және сертификаттармен марапатталды.                                                                                                                                  

[photo_gallery style="2" source="directory: images/2024/02" small="2"]

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.