УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!
УРАЛЬСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Мы учим учиться, учить и создавать!

«Нашақорлық қоғам дерті» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды

Соңғы уақытта елді елеңдетіп отырған мәселе ол жастардың арасында синтетикалық есірткінің дәмін татып көріп кейін тәуелділікке айналып, жастарымыздың улануы, өмірлерін бүлдеруі, оны сатып жеңіл ақша тауып қылмыстық істердің көбеюі болып отыр. Бұл – аса қауіпті әрі ауқымды әлеуметтік кесел. Осы орайда студент жастардың ойын дұрыстау, қатердің алдын алу мақсатында 23 қараша күні колледжде облыстық психикалық денсаулық орталығының жоғары дәрежелі психолог, нарколог маманы Сатанов Нұрлан Фатихоллаұлымен «Нашақорлық қоғам дерті» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Студенттерге синтетикалық есірткі-бұл жасанды түрде алынған психоактивті заттар, одан адам ағзасы үлкен соққы алады, бір рет қолданған адам кейін тәуелділікке ұшырайды. Есірткінің қандай түрін болсада қолданған адамның өмір сүру деңгейі өзгереді. Арылмас дертке шалдығатыны туралы толық ақпарат берді.

–Нашақорлыққа әуес болған адамның одан құтылуы екіталай. Өмірге дені сау ұрпақ әкелетін әдепті қыздарымыз, Отанының болашағын ойлайтын ұлдарымыз сіздер, сіздер барлық зиянды заттардан таза болу керексіздер. Хакім Абайдың басты мақсаты – адам болу үшін ненің жаман, не жақсы екенін көрсетіп қана қоймай, жаманнан жирендіріп, жақсылыққа бастау. Сондықтан Абайды оқыңдар, ертегі мен аңыз әңгімелерді оқып білім алыңдар қазір білімділердің озатын заманы, деп өзінің жастарға арнаған ақыл кеңесімен сөзін аяқтады Нұрлан Фатихоллаұлы. Кездесу барысында студенттер өз сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты. ДОТЖЖ орынбасары А.Ж.Отарбай студенттерді бос уақыттарында қайырымды іспен, спортпен, қоғамға пайдалы жұмыстармен айналысып, колледждің өмірінде белсенді болуға шақырып бас қосу қорытындыланды.

  

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.