Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 25 сәуір күні колледжің студенттерімен «Қарызсыз қоғам» жобасы шеңберінде халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған, «Қаржылық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында лекторий өтті. Лектрийді қаржы сарапшысы Зухра Жанбырбаева жүргізді. Кездесу студенттерге өте қызықты, әсерлі болды. Табыс табудың және оны дұрыс пайдалануға қатысты жақсы кеңестер берілді, мобильдік қосымшалармен таныстырды.