Орал гуманитарлық-техникалық колледж ұжымы мен студенттері арасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы талданды. Колледж құрылтайшысы Ш.Х.Курманалина ұлттық құрылтайдың үшініші отырысында қаралған ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтарға жеке-жеке тоқталды. Олар – тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік және ынтымақ, әділдік және жауапкершілік, заң және тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық. Колледж директоры Л.Ж.Утарбаева, тарих пәні оқытушысы Н.А.Утегенова, қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы К.К.Косбаева, әдіскер М.С.Нурмукашова және студенттер Кенжебекқызы Қ,Байыр М. өз ойларын ортаға салып, құрылтайда айтылған жаңа идеялар мен ұсыныстар мұқият қаралып, нақты шаралар қолға алынып, әр отбасына, топтарға жеткізетіні туралы хабарланды.