Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігі 2 аКШИ тобында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Жасөспірім неге құқық бұзады?» атты тәрбие сағаты оздырылды. Шара барысында қоғамда жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың шеттен тыс және өтіп бара жатқаны және онымен күресудің жолдары туралы айтылды. Ата-ана,оқытушы әр кезде жеткіншектің мінезі, іс- әрекеті, қылығының қалыптасуына жете мән беріп, қадағалап отыруы керек. Топ студенттері қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни қоғамның болашағы болмайтынын айтты. Топ студенттері С. Джапаров, Г.Ибатова, А.Берік «Әңгімені жалғастыр» ойыны арқылы студенттердің пікірталасын ұйымдастырды және шара соңында КАНООТ әдісі арқылы кері байланыс жасады.
{youtube}n1qnFD8Xirg{/youtube}