Қасым-Жомарт Тоқаев: «Биыл – Жұмысшы мамандықтар жылы. Осыған орай, маңызды іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылмақ. Еңбек адамының абырой-беделін арттыру үшін нақты жұмыс жүргізіледі.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін түбегейлі жаңғырту ісін бастау керек. Жауапты мекеменің бәрі және ең бастысы, жеке сектор бұл іске белсене араласуға тиіс.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру, «Әділ заң-аспан тірегі» апта дәйексөздері аясында 2аРШО тобында қаңтарда айында «Қауіпсіз интернет» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Куратор Шотова Г.С. Мақсаты: Интернетте қауіпсіз іс-әрекет дағдыларын дамыту, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту және цифрлық сауаттылықты арттыру.
Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде оқу-әдістемелік жұмысы жоспарына сәйкес «Заманауи педагог: озық тәжірибе, инновациялар» атты тәжірибелі педагогтар және колледж түлектерімен тәжірибе алмасу алаңы өтті.