«Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру, «Әділ заң-аспан тірегі» апта дәйексөздері аясында 2аРШО тобында қаңтарда айында «Қауіпсіз интернет» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Куратор Шотова Г.С. Мақсаты: Интернетте қауіпсіз іс-әрекет дағдыларын дамыту, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту және цифрлық сауаттылықты арттыру.
Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде оқу-әдістемелік жұмысы жоспарына сәйкес «Заманауи педагог: озық тәжірибе, инновациялар» атты тәжірибелі педагогтар және колледж түлектерімен тәжірибе алмасу алаңы өтті.
Орал гумнитарлық-техникалық колледжінде 27.01-08.02 аралығында оқу-әдістемелік жоспарға сәйкес «Жаңа педагогикалық техногияларды оқу үрдісінде жүйелі қолдану жолдары» мақсатында «Сабақ FEST» атты ашық сабақтар фестивалі өтуде. Мақсаты: оқу үдірісінде жаңа ақпаратты технологияларды енгізу, қолдану, тәжірибе алмасу және дәріптеу, педагогтердің кәсіби әлеуетін ашу және оқыту мен тәрбиелеудің жаңа нысандарын, әдістерін немесе құралдарын көрсету.