Орал гуманитарлық –техникалық колледжінің 1-4 курс студенттерімен Орал қаласы ПБ Абай ПБ жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор, полиция лейтенанты Кажипов Абиш Қанатұлы, полиция аға лейтинанты Нуркаятова Мулдир Кайратовна, полиция лейтенанты Елемесов Ершат Кайратович жасөспірімдер арасында ққұқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Түсіндіру жұмысына жалпы 1аКДО-25 студент, 1аКШИ-24 студент, 3аРДО-20 студент, 2абКШФ-22 студент,1бРШИ,1бРШФ- 24 студент, 1аРШО- 25 студент барлығы 140білім алушы қатысты.

Дәріс барысында бүгінгі елең алып отырған жасөспірімдер арасында қылмыстың көбеюі туралы нақты ақпараттар берді. Сонымен қатар құмар ойындардың кеселін айтып түсіндірді. Түрлі интернет желелілерінде оңай ақша табу туралы жарнамаларға кезігіп қалмай өздерін ондайдан аулақ ұстауларына кеңес берді. Электоронды шылымның зияны, егер оны қолданғаны туралы видео тіркелген болса салынанатын айыппұлдың мөлшері айтылды. Бопсалау, түнгі мезгілде көшеде жүрмеу, тентектік жасамау, кешкі мезгілде интернет клубтарында жүріп ұсталып қалмау, тәртіпті болып бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыру керектігі туралы толық түсіндірді.

FaLang translation system by Faboba