Білім күніне орай 1аРШО, 1бРШО топтарында «Колледж – кәсіби білім кілті» тақырыбында тәрбие сағатын өткізілді. Тәрбие сағатының басында топ жетекшісі Галия Садуакасовна студенттермен таныстыру тренингін өткізді. Содан кейін студенттерге викторина сұрақтары берілді. «Колледждегі жаңа оқу жылындағы мақсаттарыңыз қандай?» тақырыбындағы диалогқа студенттер белсенді қатысты. Колледждің тарихымен, мамандықтарымен, оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысты. Бірінші курс студенттері Қазақстан Республикасының Президенті К.К. Тоқаевтың мектеп оқушыларын тәрбиелеу және жан-жақты дамыту туралы сөзіне өз ойларымен бөлісті. Адам өміріндегі құндылықтар туралы астарлы әңгімені талдады. Бастауыш білім беру мұғалімі мамандығына және мектептегі пәндерге байланысты жұмбақтарды шешті. Тәрбие сағатының соңында топтық жұмыс жүргізіліп, студенттер: әділ Қазақстан, колледжде сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт атты кластерлерді құрды. Тәрбие сағат соңында колледж ғимаратымен таныстыру ұйымдастырылды.

FaLang translation system by Faboba