Ағымдағы жылдың 31 қаңтар күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде әдістемелік кеңес отырысы өтті. Әдістемелік кеңес отырысында оқытушылардың жеке жұмыс жоспарларының орындалуы, студенттермен ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуі, педагогтардың аттестаттауға дайындығы туралы айтылды. Сөз алған оқытушылар Г.С.Шотова, В.А.Сралиева, А.Қ.Виктор студенттермен жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарында кездесетін қиншылықтарға тоқталса, Куаншалиева Р.Ж., Утеуов Ж.К., Утегенова Н.А., Д.Е.Мазгутова өз білімдерін жетілдіру жоспарлары туралы айтты.

Колледж әдіскері М.Нурмукашова ағымдағы аттестаттаудан өтетін педагогтардың дайындығы туралы баяндады. Директордың оқу ісі орынбасары А.М.Сагидуллина колледждің 2020 жылы аккредиттеудің жұмыстарына тоқталды.

FaLang translation system by Faboba