(Ақын Дариға Мұштановамен кездесу)

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Г.Н. Тасқалиева және 3б КШК тобының студенттері 19 ақпан күні «Жас Отан» Жастар қанатының «Кел, жастар, оқылық!» жобасы аясында бірнеше облыстық, республикалық жыр додаларының жеңімпазы, «Адам жаны бір жұмбақ», «Өмір-арна», «Қос қанат» атты кітаптардың авторы, ақын Дариға Ғазезқызымен кездесуге барды. Кездесуді топ студенті Амиров Ислам жүргізді. Кеш барысында ақын апамыз тәрбиесі мол әңгімелерімен қатар, жастардың көкейкесті сұрақтарына ұтымды жауап берді.  Студенттердің құрастырған тапсырмаларын орындаумен қатар, қазіргі айтыстың қарқынын, оның ішінде облысымыздағы ақындарды рухани қолдау керектігін де атап өтті. Кеш соңын: «Әдемі әдеби орта, Айтпаймын өлеңді жорта. Осындай ықыласты кештер, Жиі-жиі болса..» деп шын ниетімен түйіндеді. Топ студенттері Набиғалиев Мұратхан мен Ізмұханова Гүлназға  ұнамды сұрақтары үшін кітап табыс етілді. 

 

FaLang translation system by Faboba