(«Жүрек қылын шертеді...» атты ақын Амангелді Шахиннің жыр кешінен)

2015 жылдың 12 ақпан күні  сағат 17:00-де «Қазақ драма театрында»  ақын, сатирик, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Аманкелді Шахиннің  «Жүрек қылын шертеді...» атты жыр кеші өтті. Жыр кешін тамашалауға Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушылары Л.А. Нагимова, Г.Н. Тасқалиева 1б КШК, 2б КШК, 3б КШК тобының студенттерін апарды.  Ақынның шығармашылығы бойынша жастық шақ, махаббат, туған жер тақырыбында «Қызғалдақ», «Гүл», «Махаббат оты», «Ақ жаңбыр», «Ақ пен қара», «Дүбілісті дүние» секілді өлеңдері оқылды. «Орал», «Ақжайық», «Іздедім қалқам», «Атырау-Жайық» әндері көпшілік көңілінен шығып, ерекше тебіреніс сыйлады. «Сол бір сүргін» шығармасының желісі бойынша театрландырылған көрініс қазақ халқын қорғау үшін өз өмірлерін қиған ерлерді бір сәт еске алды. 

 

FaLang translation system by Faboba