Ұжыммен жұмыс

2013жылдың 8 ақпан күні оқытушы М.С.Нұрмұқашева жетекшілік ететін 2бКДО тобы және сабақ беретін 3 бКДО топтарымен бірге «Имандылық- инабаттылық мұраты» атты ашық шараны Ж.С.Бексариевамен бірге ұйымдастырды. Шара барысында Қазақстанды емес бүкіл әлемді толғандырған экстремизм,діни ағымдары мәселесі туралы оқушыларға сауаттылық әңгімелер,фильмдер, слайдтар, жағдаяттар жүргізіліп,қатысушылармен пікір алысу, сұхбаттасу жүргізілді.Шараға БҚО Дін істері департаментінің маманы Ақылтаев Ернар Орынбасарұлы, колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.В.Лоскутова, оқытушылар Ж.С.Бексариева, Б.М.Куспанова, Р.С.Джакупова, колледжінің жастар ісі жөніндегі маманы А.Ә. Жұмашева және 2бКДО,3бКДО және 1бКДО,1бКШК топ студенттері қатысты.
Студенттер өздерін қинап жүрген сұрақтарын қойды. Қазіргі кезде Қазақстан аумағында қызыметтері арнайы сот шешімдерімен заңсыз деп танылған діни ұйымдардың тізімі жасалған кестені слайд арқылы тамашалады.

Сонымен бірге 2б КДО тобы студенттері Дәулетова Айгерім, Жұмабек Сәнім экстремизм туралы ойларын айтты, жағдайаттарға жауап берді. Оқытушы Ж.С.Бексариева А.Құнанбаевтың «Он үшінші қара сөзін» және 3б КДО тобы студенттері Хадис-Пайғанбарымыздың өсиет сөздерінен үзінді оқыды.

 

Қазақ тілі оқытушысы Нұрмұқашева М.С.

 


 

FaLang translation system by Faboba