16-шы қыркүйек күні колледжде 6 қазанда Қазақстанда өтетін референдумды түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Кездесуге ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ардагер энергетигі,  «Құрмет» орденінің иегері, колледжіміздің стратегиялық даму бойынша менеджері  УТАРБАЕВ ЖЕТІБАЙ ЖОЛДАСҰЛЫ шақыртылды. Жетібай Жолдасұлы колледж ұжымына, студенттерге Қазақстанда атом электр станциясын салудың маңыздылығын осы саланың маманы ретінде толықтай әңгімелеп жеткізді. АЭС дегеніміз не?  екенін Қазақстан Республикасының электр желілерінің схемасының картасын қосып көрнекі түрде түсіндіріп шет елдерді мысалға келтіріп түсіндірді.  Сонымен қатар елімізде  энергия тапшылығын есепке алып АЭС салу дұрыс шешеім екенін, Жетібай Жолдасович  өзінің еңбек еткен жылдарында болған қиыншылықтарды мысалға келтіріп әңгімелеп берді. Ал рферендумға қатысып  өзінің азаматтық көзқарасын білдіру 18-ге толған әр-бір азаматттың міндеті екенін колледж директоры Ляззат Жетібайқызы студент жастарға жеткізді.

 

FaLang translation system by Faboba