Елімізде табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы өтуде. Осы орайда 31 мамыр күні өңірдегі жастар ресурстық орталығының бастамасымен Орал гуманитарлық –техникалық колледжінің ұжымы және студенттері “Таза Қазақстан” акциясы аясында қалалық сенбілікке шықты.

Сенбілікті БҚО әкімі Н.Төреғалиев бастап сенбілкке қатысшыларға қаламыздың тазалығы үшін әр тұрғын өзінің үйінің айналасын таза ұстап көгалдандырып үлес қосу керектігін айтты. Су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасыларға мыңға жуық тұрғын үй салынатын және сол кездеде еріктілердің көмегінің қажет болатынын ескертті.

Жастарды еңбекке тәрбиелеу ол, өз айналасын таза ұстаудан басталады. Туған жер, қоршаған ортамызды таза ұстап құрметпен қарауға жастарды тәрбиеу басты міндетіміз. Әсем қаламыз Оралымыздың гүлденуіне үлесімізді қосамыз.

FaLang translation system by Faboba