Колледжде наурыз айына жоспарланған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында колледж директоры Л.Ж.Утарбаева ұжыммен кезекті жиынды өткізді.

Колледж директоры Л.Ж.Утарбаева қоғамдағы дертке айналған жемқорлық мәселелеріне тоқталып, оларды алдын алу жөнінде іс-шараларға, сондай-ақ кез келген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидаттарын назарға алды. Сонымен қатар ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық принциптерін ұстану туралы ойын білдірді. Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Ж.Отарбай сыбайлас жемқорлық ұғымына, заңнамалық құжаттарға тоқталып, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының оқу орнына қатысты тұстарына тоқталып, анықтап түсіндірді. Топ жетекшілеріне студенттермен жүргізілетін адалдық сағаты, таза сессия, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралардың жоспарлы өткізілуі туралы айтылды. Шара барысында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Агенттігі «1424» Call-орталығы азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетілетіндігі туралы ақпарат берілді.

FaLang translation system by Faboba