14 қараша күні колледждің студенттерімен бүгінгі күнде жастар арасындағы құқықбұзушылық, интернет алаяқтық, құмар ойындар, буллинг, бопсалау мәселелерінің өршіп тұрғанын түсіндіру мақсатында колледж инспекторы, Абай ПБ полиция лейтенанты Елемесов Ершат Ерланович және Кажипов Абиш Қанатқалиевич кездесіп мол ақпарат берді. Жастар арасында жеңіл ақша табу жолында түрлі интернет каналдарында жұмыс жасап қылмысқа ұшырып жатырғандар туралы, олардың ата-аналарына, өздеріне қолданылып жатырған шаралар туралы айтты. Қателесіп істеген қылмыстары үшін тартылатын жазаның түрлерін белгілі баптармен анық түсіндірді. Студенттер арасында бопсалаудың жәбірленушісі болмау үшін де кеңестер берді.

Педагогикалық мамандықта оқитын студенттердің арасында құқықбұзушылыққа жол бермеу үшін әр студент өзінің іс –әрекетіне жауапты болуы керек деп кездесу қорытындыланды.

 

FaLang translation system by Faboba