25–қазан Республика күніне орай Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшылары арасында облыстық ашық пікірсайыс турнирі өтті. Ашық пікірсайыс турнирін колледж құрылтайшысы Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы Ұлттық мереке Республика күнімен құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнир мақсаты: мемлекет басшысы Қ.К Тоқаевтың «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» бағдарламасын насихаттау, пікірсайыс қозғалысын дамыту, Қазақстандық потриотизм мен азаматтық мәдениетті қалыптастыру, пікірсайыс қозғалысын дамыту.

Турнирге қала және аудан бойынша 10 колледж директорларынан өтініш түсіп, ойын ережесі бойынша бес фракция құрылып колледж басшылары бір –бірімен бақ сынасты. Құрылған фракциялар бойынша ойын үш кезеңнен өтті. Іріктеу кезеңінен өткен төрт фракция «Жалын», «Алаш», «Жігер», «Қыран» жартылай финалға үздік ойыншылар шықты. Турнирге төрешілік етуге қалалық колледждердегі дебат клубтарының жетекшілері шақырылды. Ойын барысын төрешілер әділ төрелік етіп нәтижесінде Мұхамбеткалиев Серик Хаирович пен Масалимов Али Хайдарович фракциясы «Алаш» үшінші орынға ие болса, Жумагулов Серикбай Ермаковичпен Орынбасов Азамат Бурабаевич фракциясы «Жалын» екінші орынды қанжығасына байлады.

Осы ойыннан үздік шыққан «Жігер» фракциясының мүшелері Сафиуллин Елдос Набиоллиевич және Дүйсенгалиев Данияр Каиргалиевич бірінші орынға ие болды. Уразов Дәурен Максотович пен Сагындыков Жарас Мирович командасы «Үздік талпыныс» номинациясын иеленді.

Барлық қатысушылар БҚО білім басқармасының грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.

 

 

FaLang translation system by Faboba