14 қыркүйек  күні Орал гуманитралық - техникалық колледжінде «Абайлаңыз балалар!» тақырыбында  1 курс студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге Орал қаласы ПБ Абай ПБ жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандар  істері жөніндегі инспектор  полиция лейтенанты Кажипов Абиш Қанатқалиұлы студенттерге жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың көп таралған түрі ол мезгілсіз уақытта көшеде жүру, түнгі уақытта  ойын-сауық орындарында жүру, ұрлық, бұзақылық жасау сияқты түрлеріне нақты дәлелдер келтіріп түсіндірді.

Колледж студенттеріне қатысты   себепсіз сабақ қалдыру, түнгі уақытта көшеде жүру ,пәтер жалдап тұратын студенттер үйінде кештен өткізу, ақша немесе құнды заттарды бопсалау  туралы нақты баптар туралы айтып, егерде осындай қылмыстар  тірккелген жағдайда ата-аналарына  әкімшілік хаттама толтырылып, жасалған қылмысқа  қарай жаза қолданылатыны түсіндірілді. Колледж  директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Отарбай  мен колледж психологы  А.Е.Тюлегалиева жалпы қоғамдық орындардағы тәртіппен әдеп,көшедегі тәртіпті бұзбау туралы түсіндірді.Студенттер маманға ойландырып жүрген, өздері кезіккен жағдаяттары жөнінде сауалдарын қойып жауап алды. 

  

  

  

  

  

  

  

  

  

 

FaLang translation system by Faboba