Дәстүрлі «Жыл оқытушысы-2015» байқауы 2015 жылдың 25 мамырында өткізілді. Педагогикалық шеберлік және шығармашылық байқауында Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі мен Орал гуманитарлық-техникалық колледжінен 10 оқытушы қатысты. Байқау 2 кезеңде өтті.

Бірінші кезең-компьютерлік тестілеу 2015 жылдың 23 мамырында өтті, тестілеу 30 сұрақтан тұрды, 15 сұрағы ҚР Заңы бойынша білімдерін сынады, ал қалған 15- педагогика және психология негіздерінен білімді талап етті.

Қалған кезеңдер, қорытынды мен марапаттау 25 мамыр күні өткізілді. Екінші кезең «Әдістемелік портфолио» көрмесінен басталды. Оқытушылар  еңбек еткен жылдарының нәтижесінен өздерінің әдістемелік жұмыстарын көрсетті. Келесі кезеңде («Шеберлік класс») байқауға қатысушылар жаңа интерактивті технологияларды қолданып өздерінің педагогикалық шеберліктерін ортаға салды. Жаңа педагогикалық технологияларды  және АКТ-ны қолданып  қызықты сабақтар өткізген колледждің мына  оқытушыларын атап өтуге болады:

Ермеккалиева Э.Х.- технология кафедрасының оқытушысы «Оригами. Мерекелік шарлар» тақырыбында сабақ өткізді. Оқытушы мерекелік шарларды қағаздан дайындау технологиясын көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Зайнуллина А.Т интерактивті тақтаны пайдалана отырып, «Салалас құрмалас сөйлем» тақырыбында сабақ өткізді. Биология пәнінің оқытушысы Турсынбаева Венера Тулкибаевна электрондық оқулық негізінде «Биотехнология» тақарыбында шеберлік класс көрсетті.

Оқытушы құыретті педагог, психолог сонымен қатар әртіс бола алатындығын, біздің оқытушыларымыз талантты әрі шығармашылық қабылеттерін үшінші турда көрсетті. Педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Амиргалиева М.В. – «Синий платочек» әнін орындап көрермен көңілінен шықты ЭльвираХамитқызының орындауындағы «Анажүрегі» әні тыңдаушылардың жүрегін елжіретті. Денешынықтыру кафедрасының оқытушысы әрі біздің спортшымыз – Каиргали Баян «Тек алға»  әнін дуэтпен шебер орындап әріптестерін бір таңғалдырды.

Барлық турлардың қорытындысы бойынша «Талантты педагог» номинациясын Қайыргали Баян Болатұлы иемденді, «АКТ-құзыретті тұлға»  номинациясы Э.Х.Ермеккалиеваға берілді.

Әділ қазылардың шешімі бойынша «Жыл оқытушы-2015»  байқауының жеңімпазы болып Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің інформатика кафедрасының оқытушысы Джумагазиева Асель Каримқызы атанды.

Барлық кезеңнен сәтті өткен, Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің педагогика және психология кафедрасының оқытушысы  Амиргалиева Майра Витальевна- жүлделі бірінші орынды иеленді. Екінші және үшінші орындарды Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің оқытушылары иеленді.

Бұл байқау нағыз педагогикалық шеберлік мектебі, педагогикалық практикадағы іс тәжірибенің ең жақсы таралаған ортасы десе де болады.  Білім мен еңбек, өнер мен шығармашылық біздің оқытушыларымыздың әркез адал серіктері болсын.

 

FaLang translation system by Faboba