Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру, рақмет айту. 1 наурыз алғыс айту күні колледжде дәстүрлі түрде өтетін Алғыс айту шарасы өтті.

Шараға колледжіміздің құрылтайшысы Ш.Х.Құрманалина, ардагер ұстаздарымыз Ш.С.Набидоллина, И.К.Калченко, Ж.С.Бигалиева және студенттердің арасынан күміс алқа, алтын алқа иегер аналары және колледж инспекторы Е.С.Зейнулллин қонаққа шақырылды. Колледждің студенттік парламент мүшелері қонақтарға өте әсерлі мерекелік кеш ұйымдастырды. Алғыс айту күні мерекесіне орай колледж атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаева қонақтарға алғысын білдіріп өз тілегін білдірді сонымен қатар колледж студенттеріне жақсы тәлім тәрбие берген ата-аналарына, көп балалы аналар мнг әжелерге алғыс хат табыстады. Бүгінгі мерекенің аясында колледж студенттерінің құқықтық сауаттылықтарын арттырып, колледждің ішкі тәртібін үнемі бақылып, тәрбиеге ат салысып жүрген колледж инспекторы Е.С.Зейнуллинді алғыс хатпен марапаттап еңбегіне ризашылығын білдірді. Шара барысында шәкірттер ардагер ұстаздарға, оқытушыларға, колледж кіші қызметкерлеріне, медбикеге алғыстарын жаудырып өз өнерлерін көрсетіп, жақсы көңіл-күй сыйлады. Жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімді ешкімнен ешқашан аямау керек, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтайық. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте ұстайық.

FaLang translation system by Faboba