11 қаңтар күні 2 а РДО тобында оқуға құштар колледж жобасы аясында “Өзім оқып болдым, саған оқуға ұсынамын” тақырыбында танымдық шара өтті. Шара барысында топ жетекшісі А. Ж. Отарбай кітап оқудың пайдасы, кітап оқу не үшін қажет екені туралы түсіндірді. Топ студенті К. Сражанова бүгінгі күнгі ең танымал кітаптар туралы ақпарат беріп, ол кітаптардың мазмұны жөнінде қысқаша түсіндірді. Топта көп кітап оқитын студенттер өздері оқыған кітаптарын презентация арқылы түсіндірді.

Д. Кульжанова Томас Хардидың Взор синих глаз еңбегін талдап ұсынды. В. Минакова Агата Кристидың еңбегін әсерлі әңгімелеп, қызықты жерінен тоқтатып өзімізге оқуды ұсынды. А. Елизарова болса өзіне әжесінен қалған отбасылық кітап Исай Калашниковтың Жестокий Век еңбегі тарих пәнінің материалын меңгерген кезде жақсы көмектескенін айтып, өте қызықты бірақ тарихпен қызығатын оқырман болмаса қиын болатынын айтып берді. К. Сражанова Лето в пионерском галстуке еңбегіндегі екі жастың арасындағы қарым- қатынасты қызықтыра әңгімеледі. Тыңдарман қатысушылар барлық кітапқа да қызығушылық танытты. Шара соңында А. Отарбай Белохвостикова Ангелинаға өзінің оқып бітірген кітабын сыйға берді. Студенттерді кітап оқуға қызықтырудың бір түрінде өткен танымдық сағат мақсатына жетті.

FaLang translation system by Faboba