«Сыныптан тыс жұмыс технологиясы» практикасынан өту кезеңінде 3аКШР, 2вКШР топтарының студенттері: 0111000 «Негізгі орта білім» мамандығы, 0111023 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша 12-15 желтоқсан апта аралығында тәрбие сағаттарын өткізді. Әдіскер Отарбай Айнұр Жетіқызы.

14.12.2022 ж. «Эстетикалық бағыттағы мектеп – гимназия» КММ-де студенттер Швецова Дарья (2вКШР тобы) және Безкровная Анастасия (3аКШР тобы) 5Б сыбында «Қазақстан Тәуелсіздік күні» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында оқушылар «Менің Қазақстаным» зияткерлік ойынына қатысып, Қазақстанның жетістіктері туралы көп мәлімет білді. Сынып командаларға бөлініп, сұрақтарға жауап берді. Ойын нәтижесі бойынша командалар ойынға қатысқаны және жеңгені үшін дипломдармен марапатталды. Сынып оқушысы домбырада қазақ ұлттық әуенін ойнады. Сондай-ақ, тапсырмалардың бірі Отан туралы мақал-мәтелдердерді жинақтау болды. Тәрбие сағатының соңында оқушыларға елжандылық және Отанға деген сүйіспеншілік туралы астарлы әңгіме оқылды. Соңында рефлексия өткізілді, онда оқушылар жалпы тәрбие сағаты туралы алған әсерлерімен және алған жаңа білімдерімен бөлісті.

FaLang translation system by Faboba