19-23 қазан аралығында 1-4 курс студенттері арасында Абай Құнанбайұлының 175 жыл толуына орай онлайн «Абай оқулары» шарасы ұйымдастырылды. Шараға әр топтан өнерлі жастар қатысып Абайдың өнер- білім, ғылым тақырыбындағы шығармаларын жатқа мәнерлеп оқып, Халық және Абай әндерін нақышына келтіріп орындап видеобейне түсіріп көрсетсе шығармашыл жас ақындар «Жүйріктен -жүйрік озар жарысқанда» бөлімінде өз туындыларын мәнерлеп оқыды.

Студенттері ютуб каналы арқылы қазақстандық жастар үшін жаңа тұлға - Ренат Бектұровтың бейне дәрісіне қатысты. «Адалдық сағаты» акциясының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыружәне адалдық, әділдік, инабаттылық және сенім сияқты ең маңызды адамгершілік құндылықтарды дарыту мақсатында сабақ болды.Балаға тәрбие беруде отбасының рөлі және ұстаз еңбегінің зор екендігі айтылды. Адам жеке тұлға болып қалыптасу үшін білім, білік, еңбек,төзімділік қажет екенін айтты.

Колледждің 2 курс студенттері Республикалық «Даму» онлайн олимпиадалар орталығының ұйымдастыруымен Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өткен «Абай дара, Абай дана» атты Республикалық өнер байқауына белсенді қатысқаны үшін Байзуллина.Н, Рмильева А, Ұзақбаева А, Жамбылова Н дипломдармен  марапатталды. Жетекшісі Нагимова Л.А. Байқауға шәкірт дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Студенттердің жетістіктері көбейе берсін.

Еліміздің «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді даму стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі өскелең ұрпақтың денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты болып табылады. Осы мақсатта 25 - 26 қыркүйек күні ZOOM платформасы арқылы Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің педагогикалық ұжымы мен 1-4 курс студенттерінің арасында «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Біз қозғалыс үшін жаратылғанбыз» ұранымен «Денсаулық фестивалі-2020» өткізілді.

 ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналар мен педагогтарға карантин уақытын балаларды спортқа баулуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға пайдаланып жатқандығын баяндайтын бейнематериалдары үшін алғыс айтады. 

FaLang translation system by Faboba