4 Қараша күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттері арасында «Ахмет Байтұрсынов оқулары» сайысы оздырылды. Колледжден Куанышкалиева Дана, Саин Айнара, Сейтбаев Темірлан, Шарипуллинов Нұрсұлтан өз бақтарын сынап сайысқа қатысқан болатын. Сайыс ережесінде ақынның «Анама хат», «Досыма хат», «Ғылым», «Қазақ қалпы», «Ақын ініме» өлеңдерін мәнерлеп оқу және ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты берілген сұрақтарға жауап беру болатын. Сайыс жоғары деңгейде әділ ұйымдастырылды. Нәтижесінде 1 курс студенті Куанышкалиева Дана ЖҮЛДЕЛІ 1 орынды жеңіп алды. Шарипуллинов Нұрсұлтан «Талапты жас» номинациясы мен марапатталса, Сейтбаев Темірлан белсенді қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.

ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ЖАС ТАЛАНТТЫ ДОСТАР!

FaLang translation system by Faboba