College news

Жуырда  қазақ тілі мен әдебиеті айлығы шеңберінде  Орал гуманитарлық-техникалық колледжі мен Ж.Досмухамедов атындағы педколледж арасында қазақ хандығының 550 жылдығына арнлаған «Арқауы- ерлік, түп мәні - елдік» атты колледж аралық қазақ батырлық эпосы жыршылары байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 2бКШК топ студенті Саламат Ернар қатысып, жүлделі І орынға, 3бКШК топ студенті Ержігітова Гүлден алғыс хатқа  иеленді.

Жуырда  Орал гуманитарлық-техникалық  колледжінде  Егеменді  еліміздің  Конституциясының 20 жылдығы аталып өтті. Колледж студенттері  тәрбиелік шаралар  ұйымдастырды. Шараларына колледж ардагерлерін, қоғам қайраткерлері шақырылды. Мысалы, 2б КШК тобында «Сен Ата заңыңды білесін бе?» тақырыбында танымдық шараға колледж ардагері Мендіғалиева М.К. қатысты. Ардагер – ұстаз Конституция жетістіктері, студенттердің  құқықтары туралы әңгіме қозғады. Кеш әсерлі, қызықты өтті.

Қазақ хандығының 550 жыл қарсанында  2бКШК топ студенттерімен өзі-өзі басқару кеңесі мүшелерінің ұйымдастыруымен облыстық М.Маметова атындағы мұражайында Жайық өңірінің қоғам қайраткерлері  Қарасаев А.А пен  Ақбай  Жайсан ағаларымызбен кездесу өткізілді. Кездесу мақсаты     қазақ  хандығы  құрылуының  тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, студенттердің танымдарын арттыру. Тарихи тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке бірлікке, ынтымаққа тәрбилеу. Кеш барысында студенттер тарихи деректер, бейнефильм, көріністер көрсету арқылы қазақ елінің тарихи кезеңдерін суреттеді. Ән – күймен кеш өрнектелді. Мұражай қызметкерлері колледж әкімшілігіне, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. 

Топ жетекшісі  Нагимова Л.А.

 

(Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл)

Қазақ тілімен әдебиеті кафедрасы айлығының шеңберінде 4,3в ҚМҚ топ студенттері мен топ жетекшісі, «Дарын» клубының жетекшісі Г.Н. Тасқалиеваның ұйымдастыруымен ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туылғанына 170 жыл толуына орай дөңгелек үстел өткізілді. 

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын,оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

Абай келешек  ұрпаққа осылай өсиет қып қалдырды.  Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне байтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді.  Аталмыш шарада студенттер Абайдың жан-жақтылығын тілге тиек етіп, Абайдың өлеңдерімен, қара сөздерін мағынасын ашып, ортаға сауалдар тасталынып,  әрбір қатысушы өз ойын білдірді. Абай өлеңдері туралы баяндаған Рахымова Айкөркем ақынның өлеңдерін талдап,  әдеби ерекшелігіне тоқталды. Ал Абайдың сазгерлік қасиетіне тоқталған Кенжәлиев Қайырбек, жүрекке жақын, көкірекке жылы ұялаған Абайдың әсем әндері өмірбақи адамдардың өмірінде мән - маңызы зор деп санайтындығын айтты. Сондай-ақ, Жәрдемова Қызғалдақ Абайды әлем танитындығын айтып, шет елдегі Абайдың атына берілген көшелермен, ескерткіштерге тоқталды. Набиғалиев Мұратхан Абайдың қара сөзіне тоқталып ақынның бірінші қара сөзін жатқа оқып, мән-мағынасына тоқталды. Шара барысында Абайдың әндері шырқалды.  Деректі фильм көрсетіліп, студент жастар   арнауларын  оқыды. Межелі уақытқа жоспарланған дөңгелек үстел өз мақсатына жетті.

 

 

FaLang translation system by Faboba