College news

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің өзін-өзі басқару  кеңесі ұйымдастыруымен 2015 ж 26 қазан күні Гагарин атындағы балалар кинотеатрында «Кеш келген махаббат» фильмі көрсетілді. Бұл фильмге колледждің 1 курс студенттері қатысты.Фильмінің жалпы мазмұны нашақорлықпен күрес. Бұл фильм жастарды жаман әдеттен сақтануға, болашаққа үмітпен қарауға тәрбиелейді. Барған студенттер фильмнен ерекше әсер алып, жақсы көніл-күймен оралды.

30 қараша күні «Тұңғыш президент күніне» орай №46 аудиторияда бітіруші топтар арасында «Елбасы – ел мәртебесі» атты интелектуалдық ойыны өтті. Шараны дайындап, өткізген «педагогика, психология» кафедрасының оқытушылары А.Б.Сарсенгалиева, Ж.С.Бексариева. Шараға 3а КДО, 3а РДО, 3в КДО, 3г КДО, 4б, кб КДО топтары белсене қатысты.

2015 жылдың 29 қазан күнінде Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Мирас» клубы шеңберінде т.ғ.к., М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ҚР тарихы кафедрасының доценті Жақсығалиев Жаңабек Жаңабайұлымен кездесу шарасы өтті. Шара «Қазақ хандығынан – егемен Қазақстанға» тақырыбы аясында, яғни Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойына байланысты өткізілген болатын.

2015ж. 14 қазан айында БҚО білім басқармасы ТжКББ ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті ұйымдастырған Y республикалық «Алтын диск» байқауының облыстық кезеңі өтті.

FaLang translation system by Faboba