College news

28 қараша күні «НұрОтан» ХДП отырысында колледждің оқу озаттары мен белсенді студенттері Жас Отан партиясының мүшелігіне қабылданды. Мүшелікке Бағытжан Ұ, Халықбергенова Л, Қадырболатов А, Асылбек А, Кенжегелиева А, Нуптығалиева А өтіп, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатындарын айтты.

2015 ж 24 қараша күні Жастар ресурстық  орталығынан жас  мамандар келіп І курс арасында «Жасанды түсіктен  алдын алу және қыз бала денсаулығы» тақырыбында  қыз балаларға үлкен тәрбиелік мәні  бар  кездесу өткізді.

Қараша айының 4 жұлдызында М. Горкий кітапханасында Елбасының 2016 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Жолдауды талдауға  Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің І-ІІкурс студенттері қатысты. Студенттер Елбасының қөптеген  еңбектерімен танысты.Өз ойларын, пікірлерін білдірді.

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің өзін-өзі басқару  кеңесі ұйымдастыруымен 2015 ж 26 қазан күні Гагарин атындағы балалар кинотеатрында «Кеш келген махаббат» фильмі көрсетілді. Бұл фильмге колледждің 1 курс студенттері қатысты.Фильмінің жалпы мазмұны нашақорлықпен күрес. Бұл фильм жастарды жаман әдеттен сақтануға, болашаққа үмітпен қарауға тәрбиелейді. Барған студенттер фильмнен ерекше әсер алып, жақсы көніл-күймен оралды.

FaLang translation system by Faboba