College news

03.03.16 жылы 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаныңда “Сарқылмайтын жылылық, әйел аты-ұлылық” тақырыбында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік кештің мақсаты - түн ұйқысын төрт бөліп, баласын азамат етіп тәрбиелейтін барлық аналарымызды, әжелерімізді болашақ ана болар қыздарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мерекелік шараға колледждің  I - IV курс студенттері қатысты.Студенттер ән айтып, би билеп, күй тартып қонақтарға өз  ықыластарын білдірді.

2016 жылы  26 ақпан күні  Еуразия  индустриалдық –экономикалық колледжінде Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін және арнайы пәндер оқытушыларының арасындағы «Әдістемелік идеялар фестивалі» облыстық байқауы оздырылды. Байқауды ұйымдастырған БҚО білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, ТжКББ ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті. Байқаудың мақсаты: Техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті маман  даярлауда озат тәжірибелері бар шығармашыл педагогтарды, олардың әдістемелік жұмысты жетілдіруде инновациялық, дәстүрлі емес ұсыныстарын анықтау және тәжірибесін тарату. 

2015 жыл 10 желтоқсан  күні Қазақ хандығының 550 жылдығы және  Алаш күніне арналған «Алаш тағдыры – ел тағдыры» атты жоғары және арнайы орта оқу орындары арасында студенттер байқауы оздырылды. Байқауды «Ақжол» демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы және Ж.Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Педагогика, психология кафедрасы  айлығы шеңберінде оқытушы Ж.С.Бексариева  4 желтоқсан  күні  «Педагог тәрбиеші портреті» атты «жас тәрбиеші»  үйірмесі  отырысын өткізді. Шараға колледжі психологы  С.К.Бекетаева, жастар ісі маманы Т.С.Сарсенгалиевалар қатысты. 

FaLang translation system by Faboba