College news

По результатам рейтинговых исследований Союза Национальных бизнес-рейтингов стран-участниц Союза Национальных бизнес-рейтингов (Азербайджан, Беларусь, Грузия, Казахстан, Россия, Узбекистан, Украина), Учреждение «Уральский гуманитарно-технический колледж» заняло 1-е место (ЗОЛОТО) в ТОП-100 среди малых предприятий Республики и былоудостоено звания «Лидер отрасли». 11 марта 2016 года на сцене Государственного театра оперы и балета «Астана-опера» (г.Астана) в рамках XXX Юбилейной церемонии награждения лидеров экономики состоялось торжественное награждение руководителей колледжа Национальным сертификатом «ЛИДЕР ОТРАСЛИ 2015» и Настенной медалью «ЛИДЕР ОТРАСЛИ 2015».

17.03.16 жылы  Орал гуманитарлық техникалық колледжінде 22-наурыз- Ұлыстың ұлы күні мерекесіне арналған «Қош келдің еліме,  әз-Наурыз!» колледжішілік шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты- студенттерді ҚР мекендейтін ұлттардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрптарын көрсету, білімін кеңейту және әр халқтың салт-дәстүрін қастерлеу. Шараға колледж қонақтары, оқытушылары, студенттері қатысты. Колледж студенттері  әр ұлттың салт-дәстүрін, асханасын, өнерін сомдады. Шара қызықты өтті.

03.03.16 жылы 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаныңда “Сарқылмайтын жылылық, әйел аты-ұлылық” тақырыбында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік кештің мақсаты - түн ұйқысын төрт бөліп, баласын азамат етіп тәрбиелейтін барлық аналарымызды, әжелерімізді болашақ ана болар қыздарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мерекелік шараға колледждің  I - IV курс студенттері қатысты.Студенттер ән айтып, би билеп, күй тартып қонақтарға өз  ықыластарын білдірді.

2016 жылы  26 ақпан күні  Еуразия  индустриалдық –экономикалық колледжінде Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін және арнайы пәндер оқытушыларының арасындағы «Әдістемелік идеялар фестивалі» облыстық байқауы оздырылды. Байқауды ұйымдастырған БҚО білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, ТжКББ ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті. Байқаудың мақсаты: Техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті маман  даярлауда озат тәжірибелері бар шығармашыл педагогтарды, олардың әдістемелік жұмысты жетілдіруде инновациялық, дәстүрлі емес ұсыныстарын анықтау және тәжірибесін тарату. 

FaLang translation system by Faboba