College news

11-22.04 .2016 ж аралығында «Қауіпсіз Интернет» тақырыбында апталық ұйымдастырылды. 

«Интернет дегеніміз не?»тақырыбында І-ІІІ курс студенттері плакаттар көрмесін ұйымдастырды. 

9.04.16 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде колледжішілік және қалалық  сеңбілік өтті.  Сеңбілікке I-IV курс студенттері қатысты. Бөлінген аймақтар бойынша барлық топ  студенттері тазалыққа ат салысты.

8.04.16 Мәншүк Маметова атындағы қалалық мұражайда «Қазақтың қайсар қыздары» тақырыбында  танымдық кеш өтті. Кешке Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің I бКШК тобының студенттері қатысты. Кеште  қазақтың қайсар қыздары Әлия  Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Хиуаз Доспанова  туралы мәліметтер берілді. Кездесуге «Қазақ зағиптар мәдениет үйінен» қонақтар қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Кеш жоғары деңгейде өтті.

2016 жылдың 4.04.16-9.04.16 аралығында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Интернет дегеніміз не?» тақырыбында апталық өтті. Апталық барысында «Қауіпсіз интернет»атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге I-IV курс студенттері интернет туралы өз ойларын үнқағазға бейнеледі. 

FaLang translation system by Faboba